Қазақстандықтардың өтініштері 15%-ға азайды – Әділет министрлігі
© Фото: freepik
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2026 жылғы 11 тамызда Үкімет отырысында дауларды шешуге арналған жетілдірілген "Тараптар кабинеті" модулінің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, модуль 2026 жылғы 1 шілдеде іске қосылған.
"Бұл кабинет арқылы өндіріп алушы мен борышкер кез келген уақытта іс материалдарымен танысып, жасалған әрекеттер мен қабылданған шараларды тексере алады. Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің қазіргі мәртебесін көріп, өтініштер мен өтінішхаттарды электрондық түрде жолдай алады. Қызмет іске қосылғаннан бері азаматтардан 63 мың өтініш түсті. Оның тек 9,4%-ы әділет органдарына шағымдану сатысына жеткен. Яғни мәселелердің басым бөлігі жеке сот орындаушысы деңгейінде шешіліп, нәтижесінде бізге түсетін өтініштер саны 15%-ға азайды", – деді Ерлан Сәрсембаев.
Министрдің сөзінше, енді қазақстандықтар атқарушылық жазбаның жасалуын ғана емес, оны орындаудың кейінгі барысын да толық бақылауға мүмкіндік алды.
Бұған дейін Әділет министрлігі нотариустардың атқарушылық жазбаларына 700 мыңға жуық онлайн қарсылық берілгенін хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:24, 11 тамыз 2026
Айына 441 мың теңге және тегін оқу: Қазақстандық студенттерге жақсы жаңалық
-
15:18, 11 тамыз 2026
Енді жасанды интеллект жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтарға көмектесе алады
-
15:05, 11 тамыз 2026
Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты 32 қоғамдық көліктің бағыты өзгереді
-
14:57, 11 тамыз 2026
Жеткіліктілік шегінің көтерілуінен кейін ипотекаға берілген өтінімдер саны өзгерді ме
-
14:45, 11 тамыз 2026
Алматыда Центральная көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады





