Ұлттық қор - балаларға немесе болашаққа жұмсалған инвестиция
© Сурет: pexels
ҚР Қаржы министрлігі 2025 жылы 31 мамырда балалар күні қарсаңында елімізде бүлдіршіндер шотына Ұлттық қордан жыл сайын ақша бөлініп отыратынын тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда балалардың өсіп, дамуына жан-жақты жағдай жасау - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып саналады. Бұл үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.
"Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы "Ұлттық қор-балаларға" жобасын іске асыру қолған алынған еді. Оның аясында әр балаға жыл сайын Ұлттық қордан қаражат бөлінеді. 2024 жылы бұл төлемдердің көлемі бір балаға шаққанда 129,38 долларға артты. Ал тұтастай бағдарлама бойынша жалпы қаражат 888 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіш мемлекеттің әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлетінін көрсетіп отыр", делінген хабарламада.
Жобаның шарттарына сәйкес жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға болады:
- тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін;
- білім беру ақысын төлеу үшін.
Мұндай амалдар отбасыларға тікелей қолдау көрсетіп қана қоймай, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына негіз құра отырып, елдің ұзақмерзімді дамуына ықпал ететіні де нақтыланады.
Бұған дейін қазақстандық балалар спортқа, өнерге және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер алатыны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





