«Ұлттық қор – балаларға»: 7 млн-ға жуық балаға ақша аударылды
© Сурет: Zakon.kz
"Ұлттық қор – балаларға" бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобаны Үкімет Қаржы министрлігі арқылы іске асырады және Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды көздейді. Жинақталған қаржыны тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалануға болады.
Бағдарлама ресми түрде 2024 жылдың 1 қаңтарында басталды. Оның шеңберінде 2006 жылдан бастап туылған әрбір балаға Ұлттық қордан жыл сайын қаражат аудару көзделген.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы бағдарламаға 6 919 131 адам – 2006 жылдан 2023 жылға дейін қоса алғанда туылған балалар қатысты. Олардың әрқайсысына $100,52 есептелді.
Есептеудің жалпы сомасы $695,5 млн-ды құрады. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа жетті, оларға жалпы сомасы $30,6 млн аударылды.
2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады, ал есептеулер $129,38 құрады.
Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балаларда инвестициялық кірісті қоса есептегенде, жинақтардың жалпы сомасы – $232,94. Ұлттық қордан берілген жалпы сома $1,5 млрд-ты құрады.
Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталады, содан кейін оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады. Осы мақсаттарға 118 мыңнан астам өтінім берілді, оның 97 мыңы орындалды. Жалпы сомасы $11 млн 399,1 мың. Атап айтқанда, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 63 871 өтінім берілді, оның ішінде 56 591 өтінім орындалды және $6, 647,9 млн төленді. Оқу ақысын төлеуге 54 270 өтінім берілді, оның ішінде 40 466 өтінім орындалды және $4,751,2 млн төленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





