Ұлттық кітапханада Әзілхан Нұршайықов кабинеті ашылды

12:39, 17 қараша 2016

18 қараша күні сағат 15.00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов атындағы мемориалды  кабинет ашылады, деп хабарлайды BNews.kz.

18 қараша күні сағат 15.00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов атындағы мемориалды  кабинет ашылады, деп хабарлайды BNews.kz.

Әзілхан Нұршайықов – Қазақстанның Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері. «Махаббат қызық мол жылдар» романы қазақ жастарының қолынан түспейтін, іздеп жүріп оқитын кітабына айналды. «Ақиқат пен аңыз» кітабы Отанымызға кеңінен танымал болған. Романның бас кейіпкері – Ұлы Отан соғысының атақты каһарманы Бауыржан Момышұлы.

«Ақиқат пен аңыз» романы үшін автор Қазақ ССР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сондай-ақ әскери-патриоттық тақырыпқа жазылған өзге шығармалары үшін А.А.Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Қаламгер Кеңес Одағының 4 орден және оннан аса жауынгерлік медалімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1995) және «Парасат» орденімен (2005) марапатталды. Қазақстанның Халық жазушысы атағын алған.

Ә.Нұршайықовтың мемориалды кабинетінің ашылуына жазушылар, қоғам қайраткерлері, балалары, немерелері және туыстары қатысады.

Источник: bnews.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!