Ұлттық кеңес былтыр 90 млн теңгеге отырыс өткізіп тастады

11:09, 26 ақпан 2021

© Сурет: informburo.kz

Бүгін НСОД (Ұлттық кеңес) тағы заседание (отырыс) өткізді. Ашық дереккөздерге қарасақ, олардың отырыстарына былтыр 90 млн теңгеден астам ақша жұмсалған, деп жазды желіде Насима Қорғанбекова.

Оларға өзі бірдеңе десең, "біздер тегін жұмыс істеп жүрміз, жақсылықты білмейтін не қылған пасық адамсыңдар" деп өзіңе дүрсе қояды. Оларға одан да жалақы төлесек қайтеді? Сонда "не бітіріп жүрсіңдер?" деп сұрай алар едік. Әйтпесе бұларға онсыз да қыруар ақша шығындалып жатыр, бірақ біз ештеңе дей алмайды екенбіз. Қарай гөр бұларды, жайлы орналасып алыпты, - дейді ол жазбасында.

Енді Жер сату тақырыбы жабылуына байланысты, Серікжан Біләш айтпақшы, "өңкей маймылдар жиналған" (ішінде бірнеше ғана шын адамы бар) Ұлттық кеңесті таратып жіберу туралы ұсыныстар шыға бастады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!