Ұлттық банк жанынан криптовалюталарды сақтайтын мемлекеттік резерв құру ұсынылды

© Сурет: freepik
Олжас Құспеков 21 мамырда Мәжіліс отырысында парламенттік бақылау шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығына, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттік институттардың беделіне қауіп төндіретін цифрлық активтерді реттеу саласында жүйелі олқылықтар анықталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біріншіден, бізде осы уақытқа дейін қылмыстық істер шеңберінде тәркіленген криптоактивтерді сақтау мәселесі реттелмеген. Тиісті құқықтық техникалық тетіктің болмауы үшінші тұлғалар арқылы осы активтерді жоғалту, ұрлау және заңдастыру тәуекелдерін тудырады. Екіншіден, өзін криптокоуч деп атайтын блогер-сымақтардың қызметі арқылы жастар көлеңкелі крипто нарыққа жаппай тартылуда. Арнайы лицензиясы жоқ бұл адамдар заңсыз платформалардың қызметін жарнамалай отырып, яғни осылайша заңнаманы бұзуда азаматтарға кепілдендірілген кірісті уәде етеді. Үшіншіден, екінші деңгейдегі жекелеген банктер құқықтық алаңнан тыс крипто нарықтағы операцияларға қызмет көрсету үшін тартылуда", - деді Олжас Құспанов Мәжілістің жалпы отырысында.
Ол Қаржылық мониторингі агенттігінің деректерін де алға тарта кетті. Оған сәйкес, екінші деңгейдегі 10 банктің шоттары арқылы 4,2 млрд теңгеден астам сомаға операциялар жасалған.
"Ішкі бақылау механизмдері көп жағдайда қолданылмайды. Белгіленген заңдағы тыйымдарға қарамастан, лицензиясы жоқ крипто биржалар іс жүзінде жұмысын жалғастыруда. Олардың қызметі App Store және Play Market-те қолжетімді, бұқаралық іс-шараларға тартылып, әлеуметтік желілерді қоса алғанда, емін-еркін жарнамалануда. 2023 жылы Қазақстандағы крипто айналымының 86,2% - ы, яғни 3,5 млрд доллар заңсыз сегмент арқылы өтті", - деді депутат.
Сондықтан депутат Ұлттық банк жанынан алынған криптоактивтерді сақтау үшін мемлекеттік цифрлық резерв құру мәселесін қарауды ұсынады. Сондай-ақ, ол осы қызметті міндетті түрде лицензиялауға жатқыза отырып, заңнамаға инвестициялық коучинг ұғымын енгізуді, ал заң бұзушылардың аккаунттарын бұғаттауды да ұсынады.
"Ақша аударымдарына аудит жүргізу, банктер тарапынан талаптардың сақталуына қатысты ішкі бақылауды күшейту қажет. Лицензиясы жоқ крипто биржалардың сайттары мен қосымшаларын бұғаттауға бастамашы болып, сондай - ақ рұқсат етілген платформалардың ресми тізімін жариялау қажет", - деп сөзін түйіндеді депутат.
Айта кетсек, 2024 жылғы 15 қарашада Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы криптовалюталар мен крипто айырбас орындарын заңдастыруды ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 13 маусым 2025
Flydubai Қазақстан, Ресей және бірқатар елдерге рейстерді уақытша тоқтатты
-
22:40, 13 маусым 2025
Анна Данилина Лондондағы беделді турнирдің финалына шықты
-
22:20, 13 маусым 2025
Тұман, бұршақ және найзағай: Алматыда және 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:07, 13 маусым 2025
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алты елдің үстінен ұшуға тыйым салды
-
21:52, 13 маусым 2025
Аcтанада автобус аялдамасын сындырған ер адам жазаланды