Үкімет басшысы әкімдерге жылу беру маусымын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды

© Сурет: Zakon.kz
Үкіметте Екібастұз қаласын жылумен қамту мәселесі қаралды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов апатқа себеп болған барлық мәселені тез арада шешу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Екібастұз қаласында жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру керек. Апатқа себеп болған барлық мәселені тез арада шешу қажет. Энергетика министрлігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, "Екібастұзжылуэнерго" мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізсін", - деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министр қыс басталмай жатып, осындай төтенше жағдай болғанын, барлық әкім бұдан қорытынды шығаруға тиіс екенін айтты. Соған орай бірнеше тапсырма берді:
Энергетика және индустрия министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердегі энергетикалық объектілерге толықтай техникалық аудит жүргізіп, үкіметке тиісті ақпаратты енгізсін.
Жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру қажет.
«Апат қаупі» жоғары объектілер бойынша жабдықтары мен инфрақұрылымына ерекше назар аудару керек.
Барлық жылу және энергия жүйелерінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін осы объектілердің меншік иелерімен жұмыс жүргізу керек.
Ұлттық экономика, энергетика және индустрия министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында коммуналдық кәсіпорындардан келіп түсетін әрбір өтінімді мұқият зерттеуі тиіс.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғыртуға және жөндеуге бөлінетін қаражаттың нақты, мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алу керек.
Әкімдер жылу беру маусымын тұрақты жеке бақылауда ұстасын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:27, 3 ақпан 2023
Қызылорда облысының тұрғындары екі қой ұрлап, оны сойып алған
-
21:56, 3 ақпан 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
-
21:06, 3 ақпан 2023
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар елдегі цифрландыру үдерісін дамытуға ниетті
-
21:00, 3 ақпан 2023
Жамбыл облысында Мемлекет басшысы қолөнершілер көрмесін аралап көрді
-
20:54, 3 ақпан 2023
Нұрлыбек Нәлібаев: Сырдария өзеніндегі су деңгейі тұрақты бақылауда