Дәстүрді дәріптеген Зейнеп Ахметова шымкенттік жастармен кездесті
© Сурет: Шымкент ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы
"Шуақты күндер" кітабымен оқырманға, "батыр Бауыржан келіні" атымен қалың қазаққа таныс Зейнеп Ахметова Шымкентке барды.
"Атамның арқасында бүгінгі дәрежеге жетіп, ел ішінде еркелеп жүрмін" деген Зейнеп Әскербекқызын Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Бақтияр Өнербаев күтіп алып, алдымен даңқты Бауыржан атамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Суреттер: Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы
Ұлттық дәстүрімізге қайшы әдеттерді қатаң сынап, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл аударатын Зейнеп Ахметовамен "Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі" тақырыбында "Жастар ресурстық орталығында" кездесу ұйымдастырылды.
Жиынға мектеп оқушылары, қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, педагогтер мен өзге де сала қызметкерлері қатысты. Әсіресе, кездесуге барған жастардың қарасы көп болды.
Сурет: Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы
Сырласу кешін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашты. Зейнеп Ахметова жиналған көпшілікпен екі сағаттан аса, емін-еркін сырласып, естеліктері мен ғибратты, өнегелі әңгімелерін айтты. Халықтың рухани әңгімені сағынғанын соғылған шапалақтар білдіріп тұрды. Сұрақ орнына алғыс айтылды. Кеш соңында Зейнеп Ахметоваға шапан жабылып, гүл шоқтары жауды.
Сурет: Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы
Айта кетейік, алдағы уақытта Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бастамасымен қолға алынған "Қайырымды қала құндылықтары" жобасы аясында түрлі саланың танымал өкілдерімен кездесулер сериясы тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:04, 20 мамыр 2024
Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің екінші кезеңіне өте алмады
-
21:47, 20 мамыр 2024
Павлодар облысында ата-ана үш күн бойы балаларын сыртқа шығармай, мектепке де жібермеген
-
21:18, 20 мамыр 2024
Шымкентте 24 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді
-
20:43, 20 мамыр 2024
Ірі компаниялар БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға және сатып алуға көмектеседі
-
20:12, 20 мамыр 2024
Нұртілеу Лавровпен келіссөздер өткізді