Қажылық та, қаражат та жоқ: елордада тұрғындары туристік компания «қызметкеріне» алданып қалды
© Сурет: pexels
Астанада туристік компанияда жұмыс істеген 27 жастағы ер адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өзін туристік компания қызметкері ретінде таныстырған ер адам қажылық сапарды ұйымдастыруды уәде етіп, азаматтардан миллиондаған теңге жинап алған. Алайда уәде орындалмай, жәбірленушілер саны артып отыр.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті азаматтарға Мекке қаласына қажылық сапарын ұйымдастырып беремін деп уәде берген. Ол жолдама, виза рәсімдеу және әуе билеттерін алып беру қызметтерін сылтау етіп, жәбірленушілерден алдын ала ақша алған. Алайда уәде етілген қызмет орындалмаған.
Қазіргі уақытта 13 эпизод анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 2,2 млн теңгені құрайды. Тергеу барысында жәбірленушілер саны артуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 19 наурыз 2026
Биатлоннан әлем кубогының қорытынды кезеңі: әйелдер спринтінде ел атынан кімдер өнер көрсетеді
-
21:33, 19 наурыз 2026
Казахстандық және шетелдік маркетплейстер үшін тең жағдай жасау қажет – депутат Азат Перуашев
-
21:23, 19 наурыз 2026
20 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:34, 19 наурыз 2026
Жетістіктерге тоқмейілсімей, жаңа мақсаттарға ұмтылуымыз қажет – Тоқаев
-
20:15, 19 наурыз 2026
Қазақстанда бірқатар стоматологиялық клиниканың қызметі тоқтатылды





