Үйін 10 жыл күткен үлескер жүрек талмасынан қайтыс боп кетті
Елордадағы "Жағалау-3" тұрғын үй кешенінен пәтер алмақ болған үлескерлер елден көмек сұрап, жанайқайын жеткізді. Олардың айтуынша, өткен он жылдықтың басында ақшасын төлеп қойса да, жеке шаршы метрдің рахатын әлі де көрмеген. Мұндай тағдыр тәлкегіне шыдамғандар дүниеден де өтіп жатқан көрінеді.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
"Если рұқсат бермесеңіз, біз қазір бұзып кіреміз. Бұзып, төбелес шығарамыз, мына жерде".
"Жағалау-3" тұрғын үй кешенінен үй алмақ болған үлескерлер бұл. Міне, осымен 10 жыл бойы пәтерлі болам деп ақша салған 300 адам баспаналарына кіре алар емес. Араларында бұл жайтты көтере алмай, көз жұмғандар да бар.
"Ол да сол бар ақшасын салып, квартираны күтіп жүрді. Содан 3 жыл болды, инсульттан қайтып кетті".
Елордадағы Е-10 көшесіндегі бұл 12 қабатты зәулім үйді көтеруге 2010 жылы "АСИ" инвестициялық құрылыс компаниясы кірісіпті. Бірақ Сергей Котляров басқаратын ұжым белгісіз себептермен жұмысын аяқтамаған.
Ақбантик Қойшыбайқызы, үлескер:
"Содан бері 10 жыл уақыт өтті. 10 жылдың ішінде ешқандай результат жоқ. Котляровтың есігі тозбақ түгілі, енді есіктері сынып та қалған болар. Ол кісінің бет-жүзін көрмейміз. Бізден қашып жүреді таңнан кешке дейін".
Сергей Котляровтан қайыр болмағасын, әкімдік нысанды өзі аяқтауға бел буған екен. Алайда, араларына "инвестиция құямын", "құрылысты аяқтаймын" деген жеке азамат араласқан-мыс. Алайда, үлескерлер үміті әлі де ақталар емес. Құрылыс сол күйінде тұралап қалған. Дегенмен, қаржысын құйған азамат бұл пікірмен келіспейді.
"Жағалаудағы 10 жыл бойы жалғасып келе жатқан үйдің жағдайы, міне, осы. Көріп тұрсыздар ғой, есіктері әлі қойылмаған. Құрылысы бітпесе де, мұнда тұрады екен. Осылай ғана мұнда адамдардың тұратынын білуге болады. Қалғанының бәрі темір есік, ескі-құсқымен. Ал жаңадан келгендер есіктерін жаңадан қойып қояды. Және ең сорақысы 10 жыл бойы құрылыс жұмыстары жалғасса да, мердігер компания салуға асық емес".
"Лифты надо установить. Столько времени мы ждем. Потому что проживают в подъезде. Шахты опасны. Дети маленькие уже есть".
Ақбантик Қойшыбайқызы, үлескер:
"Бұл жерге әкім Көлгінов өзі келіп тұрып, міне береміз деп, көктемде уәде беріп кеткен. Ешқандай үй беріліп жатқан жоқ. Кімге обращаться ететінімізді білмейміз. Кімге барып, "ой, қашан бересің?" деп айтатын адамдарды да таба алмаймыз бұл жерде".
Алтай Көлгінов басқаратын әкімдікке хабарластық. Қала басышысының қоластындағылар "Жағалау-3" тұрғын үйіне құрылыс компаниясы мен жеке инвестор толық жауапты деген хабарлама жіберді. Айта кетейік, бүгінде елордада құрылысы бітпеген 50-ге жуық үй мен 14 мың үлескер бар. Сондықтан жағалаулықтар мәселесі нақты қашан шешілетіні белгісіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:24, 19 ақпан 2025
Жетісу облысының прокуратурасы алаяқтар пайдаланатын интернет ресурстарын бұғаттады
-
12:16, 19 ақпан 2025
Қызылорданың прокурорларымен бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды
-
12:04, 19 ақпан 2025
Қостанай облысында полицейлер қарда жүретін көлікпен браконьерлер тобын ұстады
-
11:58, 19 ақпан 2025
Жамбыл облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім полициядан қашқан
-
11:49, 19 ақпан 2025
Қылмыстық іс пен миллиондаған қарыздар: қарағандылық әйел сіңілісінің орнына сотталды
Танымал жаңалықтар
-
14:16, 18 ақпан 2025
-
18:43, 18 ақпан 2025
-
19:24, 18 ақпан 2025
-
22:46, 18 ақпан 2025
-
13:08, 18 ақпан 2025
-
13:17, 18 ақпан 2025
-
13:54, 18 ақпан 2025
-
15:45, 18 ақпан 2025
-
22:10, 18 ақпан 2025
-
21:53, 18 ақпан 2025
-
21:38, 18 ақпан 2025
-
17:15, 18 ақпан 2025
-
15:21, 18 ақпан 2025
-
15:05, 18 ақпан 2025
-
12:44, 18 ақпан 2025