Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қолданыстағы "Бауыржан Момышұлы" метро бекеті мен жаңа "Қалқаман" бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң жақ бағыттағы тоннельді қазу жұмыстары толық аяқталды.
Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол тұтас табанды технология бойынша төселіп жатыр. Сол жақ бағыттағы тоннель толық дайын: онда рельстер мен байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желілер монтаждалған.
Сонымен қатар "Қалқаман" бекеті ғимаратының құрылысы аяқталып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Пойыз қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесін қоса алғанда, әлемдік жетекші өндірушілердің жабдықтары жеткізілген. Жақын арада оларды орнату және баптау кезеңі басталады.
Бас мердігер ұйымның өкілі Мұрат Үкшебаевтың айтуынша, қала басшылығы қойған міндетке сәйкес нысан құрылысы тәулік бойы жүргізілуде. Нормативтік мерзім 24 ай болғанына қарамастан, бекеттің негізгі құрылысы шамамен 11 ай ішінде жүзеге асырылды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:47, 11 наурыз 2026
Алматыда полиция қызметкері ауладағы әжетханаға құлап кеткен қызды құтқарып қалды
-
20:26, 11 наурыз 2026
Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолды төрт жолақтыға кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды
-
20:12, 11 наурыз 2026
Астанада екпіні күшті жел салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады
-
19:43, 11 наурыз 2026
12 наурызда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:30, 11 наурыз 2026
Астаналықтардың салық бойынша берешегі миллиардтаған теңгеге жетті





