УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасы матчтары тікелей эфирде көрсетіледі
Еурокубоктар үшін талас қайта жалғасуда. 1/8 финалдың қалған матчтары қабылдаушы командалардың алаңдарында өтеді. Турнирлер наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылып, кейін УЕФА еурокубоктарды тамыз айында ойнату туралы шешім қабылдаған болатын, деп хабарлайды zakon.kz.
Биыл Чемпиондар лигасы "сегіздің финалы" форматында аяқталады.
Тамыз айының 5-8 аралығында 1/8 финалдық матчтардың тікелей трансляциясын "QAZAQSTAN" және "QAZSPORT" телеарналары көрсетеді.
Келесі кезеңге өткен 4 команда: "Аталанта", "Атлетико", "ПСЖ" мен "РБ Лейпциг".
Өзге 4 команда 1/8 финалдың жауапты матчтары өткен соң анықталады. Ширек финалға шығу үшін "Ювентус" – "Лион", "Барселона" – "Наполи", "Манчестер Сити" – "Реал" мен "Бавария" – "Челси" командалары өзара бақ сынайды.
УЕФА Чемпиондар лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі:
"QAZAQSTAN" телеарнаcы: 7 тамыз - "Манчестер Сити" - "Реал Мадрид". Уақыты: түнгі сағат 00:55. 8 тамыз - "Бавария" - "Челси". Уақыты: түнгі сағат 00:55
"QAZSPORT" телеарнаcы: 7 тамыз - "Ювентус" - "Лион". Уақыты: түнгі сағат 00:55. 8 тамыз - "Барселона" - "Наполи". Уақыты: түнгі сағат 00:55
УЕФА Еуропа лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі:
"QAZAQSTAN" телеарнаcы: 5 тамыз - "Манчестер Юнайтед" - "Ласк". Уақыты: түнгі сағат 00:55. 6 тамыз - "Базель" - "Айнтрахт". Уақыты: түнгі сағат 00:55
"QAZSPORT" телеарнаcы: 5 тамыз - "Шахтер" - "Вольфсбург". Уақыты: түнгі сағат 22:45. 5 тамыз - "Копенгаген" - "Истанбул". Уақыты: түнгі сағат 22:45.
Сайтта https://qazsporttv.kz/kz/live
5 тамыз - "Интер" - "Хетафе". Уақыты: түнгі сағат 00:55
6 тамыз - "Рома" - "Севилья". Уақыты: түнгі сағат 22:45
6 тамыз - "Байер" - "Рейнджерс". Уақыты: түнгі сағат 22:45 (Сайтта https://qazsporttv.kz/kz/live)
6 тамыз - "Вулверхэмптон" - "Олимпиакос". Уақыты: түнгі сағат 00:55
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 10 мамыр 2024
Баян Алагөзова Snoop Dogg-қа шапан жапты
-
22:21, 10 мамыр 2024
Бублик те, Шевченко да Римдегі жарыстың екінші айналымында есе жіберді
-
21:50, 10 мамыр 2024
Ақтауда бір топ оқушының құрдасын ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
-
21:10, 10 мамыр 2024
Дәстүрді дәріптеген Зейнеп Ахметова шымкенттік жастармен кездесті
-
21:00, 10 мамыр 2024
Президент Әкімшілігінің басшысы шетелден қайтарылған активтердің қалай игеріліп жатқанын айтты