ТЖМ Алматы тауларында тәулік бойы жұмыс істейтін бақылау бекеттерін іске қосты

12:41, 7 шілде 2026

© Фото: unsplash

Алматы қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесіне қарасты бес биік таулы бақылау бекеті жұмысын бастады. Олар сел жүру қаупі жоғары мореналық көлдердің жай-күйін тәулік бойы бақылауға арналған.

Бекеттер:

  • Үлкен Алматы өзені алабындағы №13-бис және №10 көлдерінде;
  • Ақсай өзені алабындағы №8 және №9–10 көлдерінде;
  • сондай-ақ жоғарғы бөліктегі "Күмбел" гидробекетінде орналастырылған.

Маусымдық бақылау бекеттері гидрологиялық жағдайды тұрақты бақылауды, көлдердегі өзгерістерді дер кезінде анықтауды және қауіп туындаған жағдайда жедел ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

ТЖМ мәліметінше, мореналық көлдерді бақылау сел қаупі кезеңі аяқталғанға дейін тәулік бойы жүргізіледі.

Еске салайық, бұған дейін осындай биік таулы бақылау бекеттері Алматы облысында да орналастырылған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!