Ақтауда жағажайдан итбалықтардың өлекселері табылды
© Сурет: Маңғыстау облысы экология департаменті
Ақтау қаласының жағажайларынан итбалықтардың өлекселері табылды. Қазір мамандар олардың нақты санын анықтап, теңіз суынан сынама алып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облыстық экология департаментінің мәліметінше, биылғы 3 шілдеде Ақтау қаласының жағажайларында итбалықтардың өлекселері анықталған.
Қазіргі уақытта мамандар өлекселердің нақты санын анықтап, оларды есепке алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиғаға байланысты Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары аталған аумақтан теңіз суының сынамаларын алған.
Ведомствоның хабарлауынша, зерттеу нәтижелері шыққаннан кейін қосымша ақпарат жарияланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:17, 6 шілде 2026
Қазақстанда Астана есімін иеленген 26 адам бар: елорда туралы қызық деректер
-
16:54, 6 шілде 2026
7 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:10, 6 шілде 2026
Үлкен Алматы көлінде аяғын жарақаттаған турист құтқарылды
-
15:50, 6 шілде 2026
Аптап ыстық күшейеді: Шымкентте +39 градус, Астана мен Алматыда жаңбыр
-
15:27, 6 шілде 2026
Күнде кейінгі екі жылдағы ең көп жарқыл тіркелді





