Қазақстанда Астана есімін иеленген 26 адам бар: елорда туралы қызық деректер

17:17, 6 шілде 2026

© Фото: pixabay

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросы Астана күніне орай елорда туралы қызық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдің бас қаласы туралы 20 қызықты дерек:

Астана халқының саны – 1 674 699 адам (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

Әйелдер саны ерлерден көп: 884 029 әйел, 790 670 ер адам.

Қазақстан бойынша 26 адамның есімі – Астана.

2025 жылы қалада 27,4 мың сәби дүниеге келген.

18 жасқа дейінгі балалар саны – 545 мың. Оның ішінде 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз (2026 жылдың басындағы дерек).

2026 жылдың алғашқы бес айында елордада 3 469-дан астам неке тіркелген.

2025 жылғы қартаю индексі – 22,9 (100 балаға шаққандағы 65 жастан асқан қарттар саны).

Қала тұрғынының орташа жасы – 30,9 жас (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,8 жыл (2025 жылғы дерек).

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 274 285 (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

Құрылыс саласында жұмыс істейтін компаниялар саны – 18,5 мың. Бұл көрсеткіш бойынша Астана елімізде бірінші орында.

Қаладағы пәтерлер саны – 576 мың (2025 жылғы дерек).

Қоғамдық тамақтану орындарының саны – 6 819. Бұл көрсеткіш бойынша Астана Алматыдан кейін екінші орында. Оның ішінде:

  • заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары – 2 241;
  • жеке кәсіпкерлер – 4 578.

Елордада 31 театр бар.

5 музей жұмыс істейді. 35 кітапхана бар. 24 саябақ орналасқан.

Тұрақты интернетке қосылған абоненттер саны – 443,4 мың (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

2026 жылдың бірінші тоқсанында қонақүйлерде 67,9 мың шетелдік турист орналастырылған.

Астанада 6 бес жұлдызды қонақүй бар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!