Қазақстаннан Үрімші мен Ыстықкөлге жаңа әуе бағыттары ашылды

10:35, 7 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz

Қазақстанның Көлік министрлігі саяхатшылар үшін жағымды жаңалықпен бөлісті. Ведомствоның мәліметінше, Қытай мен Қырғызстанға жаңа тұрақты әуе рейстері іске қосылды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 26 маусымнан бастап Ақтау – Үрімші (Қытай) бағыты бойынша тұрақты рейстер орындалады. Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Airbus A320 әуе кемелерімен қатынайды.

Сондай-ақ 2026 жылғы 3 шілдеден бастап Астана – Ыстықкөл (Қырғызстан) бағыты бойынша тұрақты рейстер ашылды. Бұл бағыттағы әуе қатынасы да аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері Airbus A320 ұшақтарымен жүзеге асырылады.

Еске салайық, бұған дейін, 29 маусымда, туристерге Шри-Ланкадағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы ескерту жасалған болатын. Ел билігінің мәліметінше, жыл басынан бері денге безгегінен 31 адам көз жұмып, тіркелген ауру жұқтыру жағдайларының саны 52 мыңнан асқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!