Түркияның Бодрум қаласында алапат өрт тұрғын үйлерге қауіп төндірді

11:55, 10 шілде 2026

© Сурет: Х/seymaacakiir

9 шілде күні Түркияның Бодрум қаласында алапат өрт шығып, жақын маңдағы тұрғын үйлерге қауіп төндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

IZGAZETE басылымының мәліметінше, өрт Ортакент ауданындағы Университеси көшесінде тұтанған. Жергілікті тұрғындардың хабарламасынан кейін оқиға орнына дереу:

  • Бодрум орман шаруашылығы қызметінің бөлімшелері;
  • Мұғла муниципалитетінің өрт сөндіру техникасы жіберілді.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың одан әрі таралуына жол бермеу үшін бар күшін салды. Жалын тұрғын үйлерге жақындай бастағанда, өртті сөндіруге жергілікті тұрғындар арасынан шыққан еріктілер де қосылды.

Бодрум қаласының мэрі Тамер Мандалынджидің айтуынша, қазіргі уақытта өрт шыққан аумақта өрт ошақтарын толық сөндіру және салқындату жұмыстары жалғасып жатыр.

Әзірге өрттің шығу себебі анықталған жоқ.

Бұған дейін Қазақстанда бір күнде алты орман өрті тіркелгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!