+45 градус ыстық пен дауыл: синоптиктер 10 шілдеге қауіпті болжам жасады
© Фото: zakon.kz
2026 жылғы 10 шілде, жұма күні қазақстандықтарды күрделі ауа райы күтіп тұр. Ел аумағында ауа райы екі түрлі сипат алады: бір өңірлерде бұршақ аралас нөсер жауса, енді бір аймақтарда аптап ыстық күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, қиыр шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Түнде еліміздің батысында қатты жаңбыр, екпінді жел және дауыл күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
"Республика аумағында жел күшейеді. Ал солтүстікте түнде және таңертең қалың тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды. Алайда синоптиктер ауа температурасының шектен тыс көтерілуіне байланысты ескерту жасады.
Ел аумағын аптап ыстық басады:
Маңғыстау облысында және Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +43…+45°С-қа дейін көтеріледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде және Жетісу облысының солтүстігінде ауа температурасы +40…+41°С-қа дейін ысиды. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында және Абай облысының оңтүстігінде +35…+38°С ыстық күтіледі. Түркістан және Жамбыл облыстарында ауа температурасы тұрақты түрде +38…+42°С шамасында болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:40, 9 шілде 2026
Ақтаудағы жантүршігерлік жанжал: күдікті ер адамның бетіне оқ атқан
-
18:40, 9 шілде 2026
Ақтаудағы жантүршігерлік жанжал видеоға түсіп қалды: күдікті ер адамның бетіне оқ атқан
-
18:32, 9 шілде 2026
Алматы полициясы екі адам қаза тапқан жол апатынан кейін мәлімдеме жасады
-
18:26, 9 шілде 2026
Kaspi.kz Джеки Чанның «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды
-
18:12, 9 шілде 2026
Қазақстан жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайды





