10 шілдеден бастап жүргізушілер нені ескеруі керек: ІІМ бес тас жол бойынша маңызды мәліметпен бөлісті
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 10 шілдеден бастап Қазақстандағы автожолдардың тағы бес учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жұмысын бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады.
"Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Ішкі істер министрлігі жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Жол-көлік оқиғаларының алдын алудың тиімді шараларының бірі – автокөлік жолдарында көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақылау. Бұл тәсіл қауіпті маневрлердің, жылдамдықты күрт арттырудың алдын алып, жүргізушілердің бүкіл жол бойында белгіленген жылдамдық режимін сақтауына ықпал етеді",- деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Ол 2025 жылғы 17 наурыздан бастап орташа жылдамдықты бақылау республикалық маңызы бар ақылы автожолдардың жалпы ұзындығы шамамен екі мың шақырымды құрайтын сегіз учаскесінде жүзеге асырылуда екенін еске салды.
"2026 жылғы 10 шілдеден бастап бұл жүйе жалпы ұзындығы 525 шақырым болатын тағы бес учаскеде іске қосылады: Ақтөбе – Қандыағаш, Алматы – Қорғас, Көкшетау – Петропавл, Астана – Теміртау және Астана – Щучинск автожолдарының қосымша учаскелері".Ақтоты Боранова
Сонымен қатар қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 2,5 мың шақырым болатын тағы 14 ақылы жол учаскесін кезең-кезеңімен осы жүйеге қосу мәселесі қарастырылуда.
"Орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізудегі басты мақсат – жүргізушілерді жазалау емес, адам өмірін сақтау екенін ерекше атап өтеміз. Статистикаға сәйкес, жылдамдықты шамадан тыс арттыру ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Барлық жол жүрісіне қатысушыларды белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, жолда мұқият әрі жауапты болуға шақырамыз. Жолда үнемделген бірнеше минут адам өмірінен қымбат емес".Ақтоты Боранова
Бұған дейін Ресейде қазақстандықтар мінген көлік аударылып, төрт адам жарақат алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:36, 10 шілде 2026
Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап ыстық болады: 11–13 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды
-
13:27, 10 шілде 2026
Алатау қаласын дамытуға 2 трлн теңге инвестиция салынады
-
13:19, 10 шілде 2026
Атырауда күштік құрылымдардың шоғырлануының себебі белгілі болды
-
12:56, 10 шілде 2026
«Қараусыз қалдырмаңыздар»: Полиция қазақстандықтарға жүгінді
-
12:48, 10 шілде 2026
Үздік тауар өндірушілер анықталды





