Түркияда Мәрмәр теңізі тартылды
© Сурет: pexels
Түркияда Мәрмәр теңізі жағалаудан шамамен 20 метрге дейін тартылды. Бұл табиғи құбылыс 16 желтоқсан, сейсенбі күні тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Habertürk телеарнасының мәліметінше, аталған жағдай Текирдаг провинциясына қарасты Мармараэреглиси қаласының тұрғындарын алаңдатқан.
"Теңіз жағалаудан шамамен 20 метрге алыстап, ал қайықтар құрлықта қалып қойған. Тұрғындар бұл құбылысқа алаңдаулы", – делінген телеарна хабарламасында.
Айта кетерлігі, осындай жағдай 2023 жылы да болған. Ол кезде бұл құбылысқа қатысты Кандилли обсерваториясының ғалымдары арнайы түсініктеме берген. Онда ғалымдар мұны атмосфералық қысымның өзгеруінен туындаған метеорологиялық құбылыс деп атап, теңіздің шегінуі жер сілкіністерімен байланысты емес екенін мәлімдеген.
Бұған дейін әлемдегі алмаз қоры қашан таусылатындығы болжанғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:18, 17 желтоқсан 2025
Алматыда 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары қабылданды
-
15:03, 17 желтоқсан 2025
Алматы облысы аумағындағы ҮАААЖ қосылатын жолдарды ұзарту Алматы қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылады
-
14:58, 17 желтоқсан 2025
Хромтау қаласының әкімі пара алғаны үшін түрмеден құтылды
-
14:50, 17 желтоқсан 2025
Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен баласы қатысқан жол апаты: соңғы сот сараптамасы қалды
-
14:43, 17 желтоқсан 2025
Кәсіпкерлерден келіп түскен шағымдарға байланысты Салық кодексіне түзетулер енгізіледі ме - министрлік жауабы





