Түркияда алтынның бағасын естіген әйел есінен танып қалды

10:44, 18 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

Түркияда зергерлік дүкенге кірген әйел бір грамм алтынның бағасын естіген сәтте қатты шошып, есінен танып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ozgur Kocaeli басылымының жазуынша, бұл оқиға алтын бағасының күрт қымбаттауына қоғам назарын тағы да аудартты. Зергерлік дүкендердің бірінде сатушы бір грамм алтынның құнын айтқанда, сатып алушы әйел өзін жаман сезініп, талып қалған.

Кейінірек ол әлеуметтік желілерде болған жайтты әзілмен баяндап, алтынның бағасын естіген соң есінен танып қалғанын жазды. Айтуынша, бір грамм алтынның бағасы 5 920 түрік лирасы, бұл шамамен 72 мың теңгеге тең.