Түркістандағы тарихи орынға кіру құны бірқатар азаматтар үшін қымбаттады

16:37, 12 маусым 2026

© Фото: akorda.kz

2026 жылғы 10 маусымнан бастап еліміздегі басты тарихи ескерткіштердің бірі – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағына кіру билеттерінің құны өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 11 маусымда "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі мен Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осылайша, 10 маусымнан бастап Қ.А.Ясауи кесенесі аймағына, Ясауи музейі мен Сирек жәдігерлер залына кіру билеттерінің құны:

  • алыс шетел азаматтары үшін 5000 теңге,
  • жақын шетел (ТМД) азаматтары үшін 2000 теңге болып бекітілді.

Бұл ретте, қазақстандықтар үшін билет бағасы бұрынғы қалпында сақталғаны атап өтілді.

  • ересектер үшін кіру ақысы – 1000 теңге,
  • студенттер мен зейнеткерлер үшін – 500 теңге,
  • мектеп оқушылары үшін – 300 теңге.

"Алайда оқушыларға қазіргідей демалыс кезеңінде кіру тегін",- деп нақтылады ведомство.

Бұған дейін ТМҰ мүше елдердің басшылары Түркістан декларациясына қол қойғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!