Түркістанда құны 200 млрд теңгеден асатын мақта-тоқыма кластері құрылуы мүмкін

© Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдың Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихаймен құны 200 млрд теңгеден астам мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мақта-тоқыма кластері Түркістан облысындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында құру жоспарланған.
"Жоба мақта өсіруден бастап иірілген жіп, мата, киім түріндегі басқа да дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейін өндірістің толық циклін, яғни, мақта агроөнеркәсібі кешенін қалыптастыруға бағытталған. Егіс алқаптарына 50 мың гектардан астам жер бөлінді, 10 зауыт салу жоспарланып отыр, оның ішінде 4-уі егіс алқаптарына жақын мақта өңдеу бойынша, 2-уі – заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, тамшылатып суару жүйелерін өндіру бойынша, сондай-ақ тігін және бояу-әрлеу фабрикасын қоса алғанда, 4 тоқыма зауыты бар. Инвестициялардың жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асады. 4 мыңнан астам жұмыс орнын, оның ішінде 3 мың тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген", делінген хабарламада.
Бүгінде кластердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ПВХ құбырларын шығаратын зауыт іске қосылды, тоқыма фабрикаларының құрылысы басталды. Инвестор суару инфрақұрылымының (каналдар желісі, сорғы стансасы) құрылысын жүргізуде.

Сурет: primeminister.kz
Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихай еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды және жоба үшін өңірдің тиімді климаттық ерекшеліктерін атап өтті. Чжан Цихай биылғы қазан айынан бастап дайын өнімнің алғашқы өндірісін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Премьер-министр Олжас Бектенов іске асырылып жатқан жобаның мәнін және экономиканы дамытудағы кластерлік тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Түркістан облысы – Қазақстанның мақта өсіретін жалғыз өңірі.
"Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру және нақты секторға инвестиция тарту міндетін қойды. Мақта-тоқыма кластерін құру өнімнің қосылған құнын арттыруға, қайта өңдеуге және еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға ықпал етеді. Үкімет өз тарапынан қажетті қолдау көрсетеді", — деді Олжас Бектенов.
Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd – Қытайдың мақта өнеркәсібіндегі ең ірі компаниялардың бірі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:53, 22 сәуір 2025
Жер тұрғындары жасыл түсті кометаның ғажайып жарқылын көрмеуі мүмкін – жаңа зерттеу
-
10:36, 22 сәуір 2025
Павлодарда биыл мал жаю ережелерін бұзған 300-ге жуық азамат жауапқа тартылды
-
10:21, 22 сәуір 2025
Ақмола облысында есірткі зертханасын ұйымдастырған азамат сотталды
-
10:16, 22 сәуір 2025
Дмитрий Бивол ММА-да күресу туралы ұсынысқа жауап берді
-
10:15, 22 сәуір 2025
Астана полициясы ҰҚК қызметкерінің өлімін тергеп жатыр