Түркістанда кісі өлтіруге оқталды деген күдікті ұсталды

18:30, 23 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

Түркістан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде кісі өлтіруге оқталу дерегіне қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам бұл әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.


"Күдікті тұрмыстық жанжал кезінде өзінің бұрынғы жездесіне пышақ сұғып, қашып кеткен. Оны іздеуге Түркістан полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Тергеу мүддесіне орай өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!