Астанадағы екі жеке тұрғын үйде ірі өрт шықты
© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Астананың Байқоңыр ауданында Толстой көшесінде бір-біріне жақын орналасқан екі жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттардың шатырлары толықтай отқа оранған.
"Судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге су оқпандары берілді", – делінген хабарламада.
Құтқарушылар жедел түрде жану аймағынан 5 газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
ТЖМ күштерімен өрт толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:59, 31 мамыр 2026
Бибісара Асаубаева Норвегиядағы жарыста екінші орынға сырғыды
-
12:56, 31 мамыр 2026
Ақтауда робот-иттер қызметке кірісті
-
12:15, 31 мамыр 2026
Қазақстанның бірінші ракеткасы «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты
-
11:46, 31 мамыр 2026
KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза болды
-
11:46, 31 мамыр 2026
KAZ Minerals шахтасында бір жұмысшы қаза болды







