Түркістан облысының шекаралас ауданында көші-қон заңнамасын бұзудың 181 фактісі анықталды

10:02, 11 шілде 2026

© Сурет: pexels

Жетісай ауданының прокуратурасы аудан аумағында көші-қон заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында тіркеусіз жүруі және заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 11 шілдеде ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады:

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 181 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, мемлекет кірісіне 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді".

Жетісай ауданының шекаралық аймақ мәртебесін ескере отырып, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында екені де нақтыланады.

Бұған дейін Алматыда заңсыз көші-қон арналарының жолы кесілгені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!