Нью-Йорк полициясында қазақтар да қызмет етіп жүр
© Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов Нью-Йорк қаласының полиция департаментінде қызмет атқарып жүрген этникалық қазақтармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу барысында тараптар отандастардың кәсіби жолын, ұлттық болмысты сақтау мәселеcін және туған елімен байланысты нығайту жолдарын талқылады. Министр шетелде табысқа жеткен қазақтардың өз халқының абыройын асқақтатып, әлемдегі ең ірі мегаполистердің бірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жүргенін атап өтті.
Кездесуге қатысушылардың бірі - Нью-Йорк полициясының қызметкері Мирас Бүкешев. Ол 2000 жылы Тараз қаласында дүниеге келіп, сол жерде өсіп, мектепті тәмамдаған. 2018 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, 2023 жылдан бері полицияда қызмет етеді.
Сондай-ақ кездесуге Данияр Нұртаза да қатысты. Ол 2002 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп барған. 2014 жылы Нью-Йорк полициясының қатарына қабылданған. Данияр Нұртаза 2015 жылы Нью-Йорк метросының станцияларының бірінің маңында толғағы басталған аяғы ауыр әйелдің босануына көмектесіп, көпшілікке кеңінен танылды. Оның кәсіби әрі жедел әрекеті қоғам тарапынан жоғары бағаға ие болды. Тәртіп сақшысының өмірі мен қызметі туралы деректі фильм де түсірілді.
Ержан Саденов отандастарына мамандықтарына адалдығы мен шетелде қазақ халқының беделін көтеріп жүргені үшін алғыс айтып, алдағы қызметтеріне табыс және отбасыларына амандық тіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:29, 11 шілде 2026
Колумбиядағы ауыр атлеттер додасы: Нұржан Жұмабай жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
-
10:10, 11 шілде 2026
«Шетелде жүрсе де жалақы алып отырған». Прокуратура білім саласындағы былық-шылықтың бетін ашты
-
10:02, 11 шілде 2026
Түркістан облысының шекаралас ауданында көші-қон заңнамасын бұзудың 181 фактісі анықталды
-
09:45, 11 шілде 2026
Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы
-
09:11, 11 шілде 2026
Синоптиктер бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті





