Түркістан облысының прокуратурасы алқа мәжілісінде 2019 жылдың І жартыжылдық жұмыстарының қорытындысын қарады

11:00, 23 шілде 2019
1384

Фото: © Sputnik / Максим Маслов

Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың төрағалығымен облыстық прокуратураның 2019 жылдың І жартыжылдық жұмыстарының қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті.

Мәжілісте қатысушылар атқарылған жұмыстардың нәтижесі Түркістан облысы көлеміндегі криминогендік жағдайды тұрақтандыруға ықпал еткенін көрсетті. 

Өткен жылдың 6 айы мен 2019 жылдың 6 айын салыстырғанда тіркелген қылмыстардың саны 20,4% төмендеген (6179-дан  4917-ге дейін). 

Қылмыс әлеміндегі ең көп жасалатын (41,6%) қылмыс түрі – бөтен мүлкін ұрлауға байланысты жасалған қылмыс саны 29,5% төмендеген (2906-дан 2049-ға дейін).  

Үйлестірілген шаралардың негізінде қасақана кісі өлтіру қылмысы 17% төмендеді. Ал тонау 32,1% (109-дан 74-ке), қарақшылық 23,5% (17-ден 13-ке), алаяқтық  5,3% азайды.

Арнайы прокурорлардың өндірісінде а.ж. 6 айында 42 эпизодтан тұратын 13 қылмыстық іс (38 эпизод/16 қылмыс.іс) болды. 36 эпизодтан тұратын 7 (7) қылмыстық іс айыптау актісімен соттың қаруына жолданса, тергеу реттілігімен 3 (5) қылмыстық іс жолданып, 1 (12)  ақталмайтын негізбен өндірістен тоқтатылған.

Қоғамдық мүдделерді қорғау бағытында бірқатар оңды және нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді. 78 тексеру, 216 талдау жүргізіліп, 347 прокурорлық ден қою акті енгізілді, 299 244 азаматтың құқықтары қорғалып (оның 122 мыңы конституциялық құқықтар), мемлекет пайдасына залалдың 638,9 млн. теңгесі және 40,8 млн. теңге әкімшілік айыппұлдар өндірілді.

Кадастрлық бағасы 5,3 млрд. тенгені құрайтын көлемі 257,6 мың га. болатын игерілмей жатқан жерлер (4221 учаске) анықталды. 

Қолданылған шаралар негізінде игерілмей жатқан жерлердің 129,2 мың га. (50%) қайта игеру жұмыстары басталған, ал құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 33 мың га. (12%) жерлер мемлекетке қайтарылды.

Кәмелетке толмағандармен жұмыс жасау саласына нәтижесі оң әсер еткен салалық әрекет ету тәсілі бойынша қадағалау жүктелген кәмелетке толмағандардың құқығын қорғайтын топ құрылды.

Нәтижесінде, 6 айда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 13,7% (116-дан 100-ге), кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс 2,3% (130-дан 127-ге), соның ішінде балалардың жыныстық тиіспеушіліктеріне қарсы қылмыстар 34% (64-тен 42-ге) кеміген.

Полиция департаментінде жүргізілген тексеру нәтижесінде арнайы есепте тұрған (наркологиялық және психологиялық) және көлік жүргізу құқығынан сот актілерімен айырылған азаматтарға заңсыз табыстаудың 17 дерегі анықталды (құжаттар АЕК-на тіркеліп, ПД-не жолданды).

Мемлекеттік сатып алу бағатында прокурорлық ден қою амалдарын жүргізу негізінде 1,540 млрд. тенгеге мемлекеттік сатып алу нәтижелері тоқтатылып, бюджет қаржылары тиімсіз жаратылуына жол берілмеді.

Жалпы алғанда өңірде қоғамдық саяси жағдай тұрақты.

Экстремистік діни материалдарды тарататын 2359 сайт анықталып, Ақпараттар және коммуникация министрлігінің Ақпараттар комитетіне жіберілген хаты бойынша аталған сайттарға тосқауыл қойылып, олар жойылды.

Өңірде ұлттар арасындағы келісім сақталып, түрлі ұлт өкілдері арасында жасаған қылмыстар ерекше бақылауға алынып, олар бойынша  түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Атқарушылық өндірісінің заңдылығын қадағалау саласында алимент берешегін өндіру басым бағыттардың бірі болып айқындалған.

Бұл саладағы атқарылған шаралар қорытындысы бойынша алименттерді өндіру қарыздары (а.ж. 1-тоқсанының қорытындысы) 628 милионнан 397 млн. теңгеге төмендеді (191 млн. тенге көлеміндегі қарыз сома өндірілген).

Прокуратура органдары пенитенциарлық органдарда және арнайы мекемелерде 4 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 17 тұлғаның (сотталғандардың) конституциялық құқықтарын қорғады.

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қайта қылмыс жасау деректері 3% төмендеген. 

Алты ай көлемінде облыс прокуратурасына жеке және заңды тұлғалардан 3871 арыз-шағымдар келіп түскен.

Өтініштерді сапалы әрі жан-жақты қарау мақсатында білікті қызметкерлерден жасақталып құрылған «бейімделген қабылдаулар» арыз берушіні өз өтініштеріне нақты шешімдер мен тиісті жауаптармен қамтамасыз етуде. 

Бұл жұмыстардың нәтижесінде бір тұлғадан шағымның қайталап түсу деректердің саны 63- тен 11-ге төмендеді.  

Түркістан облысы прокуратурасының алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша қылмыс пен құқық бұшылықтың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен жер және еңбекке қатысты заңдылықтың орындалуын қадағалауды күшейту жөнінде прокурорларға бағдар берілді.

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!