Ресейдің 12 қаласында Жамбыл Жабаевқа көше аты берілген
© Фото: Zakon.kz
Мәскеуде жыр алыбы Жамбылдың 180 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.
Мәдени іс-шараның көрші ел астанасында өту себебі – соғыс жылдарында "Ленинградтық өренім" атты өлеңімен жауынгерлерге қайрат берген ақынның есімі ресейліктерге жақсы таныс.
Қазіргі уақытта Санкт-Петербургте жыр дүлділінің ескерткіші бар. Сонымен қатар Ресейдің 12 қаласында Жамбыл Жабаевқа көше аты берілген, деп жазады qazaqstan.tv.
Бүгінде оның өлеңдері 40-тан астам шет ел тіліне аударылған. Бұл Жамбылдың әлемдік деңгейдегі ақын екенін айғақтайды дейді конференцияға қатысушылар. Жамбыл мұрасын дәріптеуді көздеген іс-шараға қатысушылар оның ән-жырларын, айтыстарын және қайраткерлігін әңгімеге арқау етті.
"Жамбыл Жабаев әлемдік тұлға. Бүгін бірнеше бастама көтердік. Яғни, "Ленинградтық өренім" өлеңін Ресейдің мектеп бағдарламасына енгізу қажет. Сонымен қатар Мәскеудегі көшелердің біріне Жамбыл Жабаевтың есімін беру керек деп есептейміз. Жыр алыбының өлеңдерін зерттеу, насихаттау Ресей қазақтарының міндеті." Гүлшат Алимова, қалалық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы басшысының орынбасары
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:54, 12 мамыр 2026
Бурабайда орман аймағына рұқсат кіргендер анықталды
-
19:27, 12 мамыр 2026
Мәскеу соты қазақстандық рэперге айыппұл салды
-
19:22, 12 мамыр 2026
Астанада екі деңгейлі LRT станциясын салу жоспарланып отыр
-
19:03, 12 мамыр 2026
Астанада есірткі жасырушы ұсталды
-
18:54, 12 мамыр 2026
Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды





