Мектеп бітіру кештеріне тыйым салынды ма? Оқу-ағарту министрлігі қатаң мәлімдеме жасады
© Сурет: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстанда білім беру ұйымдарында өтетін мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға қатысты талаптар нақтыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданатын болады.
Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын қорғауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады.
Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады.
Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады.
Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді.
Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:48, 13 сәуір 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
11:29, 13 сәуір 2026
2026 жылғы мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады
-
11:17, 13 сәуір 2026
Ресейдің 12 қаласында Жамбыл Жабаевқа көше аты берілген
-
11:01, 13 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Ирак Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
10:46, 13 сәуір 2026
Павлодар облысында мал жаюға бақылау күшейтілді





