Түркістан облысында жүргізушіден «синтетикалық» есірткі тәркіленді

13:28, 11 сәуір 2025

© Сурет: ҚР ІІМ

Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін атқару барысында, есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ елді мекендердің бірінде полиция қызметкерлері 25 жастағы тұрғынның басқаруындағы ВАЗ 2102 автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында полицейлер жүргізушінің көлігінен 2 доза синтетикалық каннабиноид есірткісін тапты.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!