Жұмысшы мамандықтарының жылы: Жамбыл облысында еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

13:37, 7 қаңтар 2025

© Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтарының жылы" болып жарияланды.

Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ағымдағы жылғы алғашқы жұмыс сапарын Байзақ және Меркі ауданынан бастап, бірқатар қарапайым жұмысшы мамандық иелерінің отбасыларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Жұмысшы мамандықтарының жылы: Жамбыл облысында еңбек адамдарына құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 13:37

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Байзақ ауданының тұрғындары, ерлі-зайыпты Әкімжан Байгобеков пен Шолпан Саматқызы "Байзақ Су" КМК-де оператор болып жемісті қызмет атқаруда. 5 ұл-қызды тәрбиелеп өсірген қарапайым отбасы адал еңбектің берекесіне бөленуде.

Жұмысшы мамандықтарының жылы: Жамбыл облысында еңбек адамдарына құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 13:37

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Меркі ауданы Сарымолдаев ауылының тұрғыны Құсанбек Сақбаев бүгінде бейнеттің зейнетін көрер жаста. Ол әр жылдары жүргізуші, шопан, бақташы болып еңбек етті. Кезінде қой қырқудан ел чемпионы атанған қария жас ұрпақ үшін нағыз еңбек адамының үлгісіндей десек қателеспейміз.

Жұмысшы мамандықтарының жылы: Жамбыл облысында еңбек адамдарына құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 13:37

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, облыс әкімі Тараз қаласының тұрғындары "Жасыл Ел-Тараз" ЖШС-нің жұмысшысы Ерболат Ошақбай мен "Жамбыл Су" МКК-де электромонтер болып еңбек ететін Руслан Есеевті де мерекемен құттықтады. Еңбек өтілдері 20 жылдан асатын олар облыс орталығының коммуналдық қызметіне барынша атсалысып, тұрғындар игілігі үшін аянбай еңбек етуде.

Жұмысшы мамандықтарының жылы: Жамбыл облысында еңбек адамдарына құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 13:37

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жалпы, талмай жұмыс істеп, көпке үлгі болып, өз ісінің маманы атанған еңбек адамдары қандай құрметке де лайық! Президентіміз атап өткендей, жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Арамызда еңбектің ерен үлгісін көрсетіп, ұл-қыздарына жақсы тәрбие беріп жүрген жандарды біз жас ұрпаққа өнеге етіп, бағалауға тиіспіз!", - деді облыс әкімі.

Сол секілді Тараз қаласы мен аудан әкімдері де жұмысшы мамандық иелерінің шаңырағына барып, құрметке бөледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!