БҚО-да ағалы-інілі екі азаматты 5 млн теңгеге алдаған күдікті құрықталды
© Фото: zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бірнеше танысын сан соқтырған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдікті таныстарына бірнеше смартфон сатып алуды ұсынып, оларды бастапқы құнынан қымбат бағаға қайта сатуға болатынын айтқан. Ол телефондарды сатып алғаннан кейін несиелерін жауып, қалған ақшаны өзара бөлісетіндеріне сендірген.
Орал қаласының тұрғындары күдіктінің сөздеріне сеніп, үш IPhone 15 сатып алған және оған 2 миллион теңгеге жуық ақша берген. Телефондарды алған соң алаяқ «ізін суытып», жәбірленушілерді сан соқтырып кеткен.
Тергеу нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығынның 5 миллион теңгеден астам екені анықталды. Қаржылық шығынға ұшырағандар туған бауырлар болып шықты.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды кез келген жағдайда сақ болуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:11, 8 қаңтар 2025
Циклондар мен антициклондар өзгереді: 9-11 қаңтар аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болады
-
14:04, 8 қаңтар 2025
Дүниежүзілік Универсиада-2025-те ел намысын кімдер қорғайды
-
13:43, 8 қаңтар 2025
Оралда саябақ басшысының орынбасары 25 тәулікке қамалды
-
13:40, 8 қаңтар 2025
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді
-
13:30, 8 қаңтар 2025
Қазақстандық оқушылар мамандық іргетасын мектептен бастап-ақ меңгереді - жаңа жоба