Алматы әкімі Ерболат Досаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылық православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала басшысы бұл күннің православ христиандары үшін ең маңызды әрі жарқын күндердің бірі екенін атады.
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Терең рухани мағынаға толы бұл мереке сүйіспеншілікті, мейірімділікті және игіліктің салтанат құруына деген сенімді білдіреді. Қоғамдағы келісім мен татулықтың маңыздылығын, өзара құрмет пен ынтымақты нығайтуды еске салады", – делінген қала әкімінің құттықтауында.
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкім Қазақстанның Православ шіркеуі конфессияаралық келісімді дамытуға және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға баға жетпес үлес қосып келе жатқанын жеткізді.
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Бұл жарқын Рождество күндері барлық православ христианына шын жүректен шаттық, бейбітшілік және амандық тілеймін", – деді Ерболат Досаев.
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:55, 8 қаңтар 2025
«Бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті»: Алматыда жаппай жол апаты болды
-
20:33, 8 қаңтар 2025
Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы пара алу кезінде ұсталды
-
20:14, 8 қаңтар 2025
СҚО-да Сергеевка су қоймасындағы су кенерінен асып, тасып жатыр
-
20:00, 8 қаңтар 2025
Ақтөбеде жол белгілерін салуға бөлінген ақшаны талан-таражға салған шенді ұсталды
-
19:39, 8 қаңтар 2025
Оралда полицей көлігімен жаяу жүргіншіні қағып, мерт етті