Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Тоқаевқа 2025 жылға арналған жоспарлар туралы айтты
© Сурет: akorda.kz
Президентке Агенттік төрағасы ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың нәтижелері туралы есеп берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа негізгі тауар нарықтарында шоғырлану деңгейін төмендету және "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа сәйкес жекешелендіру бағытында атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Агенттік монополияға қарсы 97 істі тергеп-тексеруді аяқтады.
Марат Омаров бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2025 жылға арналған жоспарды таныстырды. Монополиялық нарықтардағы бағаға бақылауды күшейту, тергеп-тексерулер мен нарықты талдаудың тиімділігін арттыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленді.
Агенттіктің цифрлық экожүйесін құру мен дамыту жоспарланып отыр. Бұл жасанды интеллект технологияларына негізделген ақпараттық-сараптамалық жүйені, цифрлық портал мен талдау құралдарын қамтиды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті ретінде отандық футболдың әлеуетін көтеру және еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау жоспарын таныстырды.
Кездесу соңында Президент бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 8 қаңтар 2025
Харбиндегі Азия ойындарында өнер көрсететін шорт-трекшілер белгілі болды
-
22:46, 8 қаңтар 2025
«Ештеңе төлемейсіздер». Көлік министрлігі желіде тараған сыбысты жоққа шығарды
-
22:36, 8 қаңтар 2025
«Боран соғып, қар бұрқасындатады»: Астана, Алматы мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
-
22:36, 8 қаңтар 2025
«Боран соғып, қар бұрқасындатады»: Астана мен еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:26, 8 қаңтар 2025
Азия ойындары-2025: керлингтен Қазақстан намысын кімдер қорғайды