Түркістан облысында 237 шетелдік азамат елден шығарылды

16:46, 18 қазан 2024

© Сурет: ҚР ІІМ

Түркістан облысында көші-қон қызметі басқармасының тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау, жолын кесуге бағытталған "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Іс-шараның 4 тәулігінде көші-қон заңнамасын бұзған 1017 құқық бұзушы анықталды. Оның ішінде 861-і шетелдік азамат, 159-ы ҚР азаматы болған.

Мәселен, шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 129 азамат, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 27 қазақстандық азамат жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ 237 шетел азаматы сот шешімімен ел аумағынан аластатылды. Атап айтсақ, Мақтаарал ауданында уәкілетті органның рұқсатынсыз егістік алқапта заңсыз жұмыс істеп жүрген 38 шетелдік азамат анықталды.

Оларға қатысты жинақталған құжаттар сотқа жолданып, заңға сәйкес шетелдіктер елден шығарылды.

Іс-шара барысында полицейлер Қазақстан Республикасына заңсыз келгендерді, құжатсыз еңбек қызметімен айналысатындарды, шетелдіктерді және заңсыз көші-қонға байланысты өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді анықтауға баса назар аударып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!