Түркістан облысында қырыққабат экспортқа шығарыла бастады
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысының Жетісай ауданында шаруалар қырыққабат өнімін экспорттай бастады. Ералиев ауылдық округіндегі қожалық алғашқы өнімдерін көршілес Ресейге жөнелтуде.
Жергілікті диқандардың бірі Нұрлыбек Жайынбаев ерте көктемде 3 гектар жеріне орамжапырақтың ерте пісетін "Пекинка" түрін еккен. Сол 32 мың түп көшеттен енді өнімін жинауда, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұл кеткен шығындарымыз бен төккен теріміздің толықтай ақталғанын білдіреді, дейді шаруа.
Енді қырыққабатты көрші елдің Пермь қаласына саудаламақ. Ал бірер күнде қырыққабаттың тағы бір түрін егістік басынан сатпақ.
"Биылғы өзгешелік – күн жылылау болды. Жылылығы жақсы болды. Былтырлары минусқа кеттік. Биыл егін жаман емес. 250 теңгеден сатып жатырмыз." Нұрлыбек Жайынбаев, шаруа
Айта кетейік, жетісайлық шаруалар ерте пісетін қырыққабаттың басым бөлігін негізінен Ресей, Беларусь және Еуропа елдеріне экспорттайды. Биыл облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 896 мың гектарға егіледі деп жоспарланған. Алдағы үш айда көкөніс, бақша дақылдарынан 460 мың тонна өнім алынбақ.
"Аталған өнімдер облыс халқының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Және қалған бөлігі басқа өңірлерге жөнелтіледі. Мысалы, өткен жылы 1,9 млн тонна бақша өнімдері өндірілсе, оның 458 мың тоннасы Ресей, Белорусь, Латвия, Литва мемлекеттеріне экспортталған болатын." Ақтөре Түймебек, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





