Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

17:30, 9 сәуір 2025

© Сурет: pexels

Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны былтыр бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, балаларын көрсетпей жүргені үшін мойнына пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұған дейін сотты болған, лудоманиямен ауырғанына байланысты ажырасқан.

Күдікті жәбірленушінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертуін тыңдамай, оны пышақпен қорқытып, аулада тұрған автокөлікті өзіне басқартып, ол жерден бой тасалаған.

Сол күні арнайы іс шара жүргізу барысында күдікті Шымкентте ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылды.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, алдыңғы үкім бойынша өтелмеген 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын ішінара қосып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!