Қазақстан мен Ауғанстан Тургунди-Герат теміржолын салу туралы уағдаластықтарға қол жеткізді
© Фото: freepik
Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Ауғанстанға сапары шеңберінде Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен Ауғанстанның Қоғамдық жұмыстар министрлігі арасында "Тургунди-Герат-Қандағар-Спин-Болдак" теміржолының құрылысына қатысуға хаттамаға қол қойылды.
Қол жеткізілген уағдаластықтың жалғасы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық келісімі болмақ. Оның шеңберінде "Тургунди-Герат" учаскесінде теміржол желісі мен оған қажетті инфрақұрылым, сондай-ақ Герат қаласында көлік-логистикалық орталық салуды бастау айқындалады.
Жоба өзара аймақтық транзиттік байланысты кеңейту, Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көлік-логистикалық байланысты нығайту, Үнді мұхитының порттарына қол жеткізуде Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Жаңа теміржол желісі Ауғанстан аумағы арқылы өтетіндіктен әрі оңтүстік бағытта жүк тасымалдауда ең қысқа маршрут болғандықтан болашақ трансұлттық дәліздің негізгі буыны саналады.
Қол қойылған хаттама АХҚО юрисдикциясында Қазақстан, Ауғанстан мен Түркіменстан темір жолдары арасында бірлескен кәсіпорын құруды көздейді.
Теміржол желісін салу кезінде талшықтық-оптикалық кабель төсеу көзделеді. Бұл байланысты, поезд қозғалысы қауіпсіздігін, оларды басқаруды жақсарта отырып, көлік дәлізі бойындағы цифрлық инфрақұрылымды дамытады. Елді мекендерді болашақта жоғары жылдамдықты интернетке қосу мүмкіндігі артады.
Кабул сапарының соңғы күні Серік Жұманғарин Ауғанстанның Азаматтық авиация және көлік министрі Хамидулла Ахұнзадамен кездесті. Тараптар екі ел арасында тіке әуе рейсін ашу, қазақстандық автокөліктер мен автобустарды Ауғанстан нарығына жеткізу, сондай-ақ ауған студенттерін қазақстандық жоғары оқу орындарында техникалық мамандыққа оқытудың келешегін талқылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:44, 17 сәуір 2026
ШҚО-да полиция жеке тұрғын үйде жасалған ұрлықты жедел түрде ашты
-
14:25, 17 сәуір 2026
Вьетнам жағажайында жоғалған алматылық қызды қазақстандықтар тауып берді
-
14:07, 17 сәуір 2026
Қазақстанда жұмыспен қамту жүйесі жаңартылуда
-
13:59, 17 сәуір 2026
Алматыда азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынды
-
13:45, 17 сәуір 2026
Алматыда интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді





