Түркістан облысында ауылдасының малын ұрлаған күдікті анықталды

13:11, 23 қазан 2024

© Фото: pexels

Жетісай аудандық полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысты бар деген күдікпен жас жігітті қолға түсірді.

Күдікті жігіт көрші ауылдың тұрғыны болып шықты.

Ол түнгі уақытта бөтеннің үй жайына заңсыз кіріп, қорада байлаулы тұрған бір бас сиырды жымқырып, таңертең мал базарына 175 мың теңгеге сатып жібеген.

Жәбірленушіге 300 мың теңге шығын келтірген.

Тәртіп сақшылары қолды болған сиырды тауып, иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда күдікті жігітке сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!