Түркістан облысында анықталған тағы бір науқасқа қатысты мәлімет жарияланды

09:43, 9 сәуір 2020

Кеше түнде Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Ол - 1995 жылы туылған ер адам, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жаңадан тіркелген науқастың Ордабасы ауданы Бадам ауылдық округіне қарасты Дербес ауылының тұрғыны екенін жеткізді. 1995 жылғы ер адам бұрын COVID-19 вирусы расталған науқаспен байланыста болған.

8 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 34 адамға жетті. Инфекцияның 14 жағдайы Жетісай ауданында (оның ішінде бір өлім оқиғасы), Кентау қаласында - 5, Арыста - 6, Мақтааралда - 4, Ордабасыда - 2, Сайрамда - 2 және Сарыағаш ауданында - 1 жағдай тіркелді.

Қазақстанда 9 сәуірде таңертеңгі есеп бойынша, коронавирус инфекциясының 727 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 54 адам сауығып, жетеуі қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!