Түркістан облысы сыбайлас жемқорлар үшін жайсыз жер бола бастады

16:41, 27 қаңтар 2021
76

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз брифингінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мәлімдеді.

Мирас Асқарбайұлы Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер туралы толығырақ айтып берді.

Өз сөзінде "Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін жоятын түзетулер енгізілгенін, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне (қоныс-колонияларға) жіберу мүмкіндігін тоқтату және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға ерекше өкілеттіктер берілген және олардың қылмыс жасауы қоғамдық қауіптің артуымен сипатталатынын тілге тиек етті.

Баспасөз жиынында М.Қарғабай бұдан былай, заңсыз сыйақы алушыларға ғана емес, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға да қатысты жауапкершілік қатаңдатылды. Азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсінуі тиіс және бұл жаңа енгізілім қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеуді қалыптастыруға бағытталғанын, жаңа нормамен пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатын баса айтты.

Мирас Асқарбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа новелла мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерден шоттар ашуға және иеленуге тыйым салуға қатысты жаңа шектеулерді қамтитынын, ал, жаңадан мемлекеттік қызметшілерді лауазымға тағайындау кезінде оларға шетелдік шоттарын жабуға 6 ай мерзім берілетінін айтты.

Бұл норма бойынша жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге келсек, оларға да Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктердегі шоттарын жабуға 6 ай беріледі. Егер мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі шотты жапқысы келмесе және мемлекеттік қызметтен кетуге ниет білдірсе, онда ол өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруге құқылы деп атап өтті.

Баспасөз жиынын қорытындылай келе, Мирас Қарғабай "Енгізілген сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу пәрменді алдын алу құралына айналатынына сенімдімін. Санкциялардың ұлғаюы соншалықты маңызды емес секілді көрінеді. Әйтсе де оның құқықтық салдары өте ауыр. Енді әрбір мемлекеттік қызметші "ала жіпті аттамас" бұрын жүз рет ойланып, өз болашағына балта шаппайтын болады – деп қорытты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір