Тұңғыш Президент Кітапханасының директоры тағайындалды

17:08, 15 қаңтар 2021

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Кітапханасы - Елбасы" мемлекеттік мекемесінің директорын тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының Өкімімен Темірболат Бақытжан Берікбайұлы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Кітапханасы - Елбасы" мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды

Ақорда сайты.

Бақытжан Темірболат 1972 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген.

Білімі:

· әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (1998, аспирантура - 2000ж.), мамандығы - "Саясаттану".

Еңбек өтілі:

· ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері (1998-2000);

· Қоғамдық-саяси бөлімінің кеңесшісі, бас сарапшы, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орталығының бас инспекторы (2000-2006);

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас инспекторы (2006-2007);

· Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары (2007-2018);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі (2018-20.03.2019);

· Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі басшысының міндетін атқарушы (20.03.2019-07.2019);

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы (07.2019-12.2020).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!