Тұңғиықтан 45 метр биіктікте: Қазақстанда тоғыз жылда салынған бірегей көпір ашылды

15:42, 30 қазан 2026
MKZ: 1575193

© Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

Бүгін, 2026 жылғы 30 қазанда Шығыс Қазақстан облысында Пихтовка өзені арқылы өтетін биіктігі 45 метрге дейін жететін жаңа көпірде көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары республикалық автожолының 28 шақырымын реконструкциялау жұмыстарының негізгі кезеңі аяқталды.

Тұңғиықтан 45 метр биіктікте: Қазақстанда тоғыз жылда салынған бірегей көпір ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 15:42

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

Жаңа бағыттағы басты инженерлік нысан – ұзындығы 175 метр болатын Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір.

"Көпірдің тау бедерінен биіктігі 45 метрге дейін жетеді. Құрылым жеті аралықтан және 79 темірбетон арқалық орнатылған сегіз тіректен тұрады", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.

Құрылыс жұмыстары күрделі таулы-геологиялық жағдайда жүргізіліп, стандарттан тыс инженерлік шешімдерді қажет етті. Атап айтқанда, көпір тау бедерінің ерекшеліктері ескеріліп, иілген траектория бойынша салынды.

Тұңғиықтан 45 метр биіктікте: Қазақстанда тоғыз жылда салынған бірегей көпір ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 15:42

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

Тұңғиықтан 45 метр биіктікте: Қазақстанда тоғыз жылда салынған бірегей көпір ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 15:42

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

Осынов асуы ұзақ жылдар бойы республикалық жол желісіндегі ең күрделі учаскелердің бірі болып келді. Тік бұрылыстар, ұзақ өрлеулер, қарлы боран мен көктайғақ, әсіресе қыс мезгілінде, көлік қозғалысын едәуір қиындататын.

Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір мен Осынов асуын айналып өтетін жолдың құрылысы шамамен тоғыз жылға созылды. Жоба іс жүзінде 2017 жылы басталған. Осы уақыт ішінде құрылыс бірнеше рет тоқтап, мердігерлер ауысты, күрделі инженерлік-геологиялық мәселелер шешілді.

Бұған дейін Алматыда жүздеген гимнастқа арналған ірі орталық салынатыны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!