Алматы хайуанаттар бағының маңында қос көлік бетпе-бет соқтығысты: Damas аударылып, төрт адам зардап шекті
© Сурет: Zakon.kz.
Бүгін, 2026 жылғы 30 қазанда Алматы хайуанаттар бағының бойымен өтетін Аппорт көшесінде Mitsubishi Lancer және Daewoo Damas автокөліктері бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соққыдан Damas көлігі жол шетіне қарай ұшып кетіп, бүйірімен аударылған. Көлік салонында хайуанаттар бағының төрт қызметкері болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жұмыс бабымен жолға жаңа шыққан.
Жол апатынан зардап шеккен төрт адамның барлығы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың кейбіріне соғылу, ал енді біріне сүйек сынуы диагнозы қойылған. Mitsubishi Lancer жүргізушісіне медициналық көмек қажет болмаған.
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жол-көлік оқиғасының (ЖКО) мән-жайын және жүргізушілердің әрқайсысының кінә дәрежесін анықтауы тиіс.
Еске салайық, 28 қазанда Астанада автобус қатысқан жол апатынан төрт адам зардап шеккені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:42, 30 қазан 2026
Таразда жолда есіксіз кетіп бара жатқан Volkswagen полиция назарына ілікті
-
17:34, 30 қазан 2026
Cадақ атудан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль еншіледі
-
17:23, 30 қазан 2026
«Қар жауып, көктайғақ болады». Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
17:04, 30 қазан 2026
Тоқаевтың Түркияға ресми сапары аяқталды
-
16:58, 30 қазан 2026
1 қарашадан бастап Алматыдағы Солтүстік айналма жолы маңында қозғалыс шектеледі









