Түнде шырт ұйқыдағы Шымкент пен Тараз халқы Өзбекстанда болған жер сілкінісінен оянды
© Сурет: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
6 желтоқсанда сағат 02:04-те ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 565 шақырым қашықтықта Өзбекстан территориясында орналасқан. Тараз және Шымкент қалаларында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы екі балды құрады.
ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексеру бойынша мониторинг жүргізді.
"Сондай-ақ, тіршілікке маңызды нысандарда ықтимал зақым немесе бүлінулердің бар-жоғына шолу жүргізіліп, тексерілді", делінген хабарламада.
Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану немесе бүлінулер анықталған жоқ, қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
"Қирандылар мен зардап шеккендер туралы ақпарат болған жоқ. Жағдай тұрақты".ҚР ТЖМ
Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы - Наманган облысының Пап ауданында орналасқан.
Магнитудасы: 4,5. Тереңдігі: 17 км. Жер сілкінісі ошағындағы тербеліс күші - бес балл.
Shymkent Online Telegram арнасы жүргізген түнгі сауалнама Қазақстандағы ірі үшінші мегаполис тұрғындары жер сілкінісін сезгенін танытады. Көбісі өз эмоцияларымен және бастан өткен жағдайларымен желіде бөліскен.

Сурет: Telegram/Shymkent Online
4 желтоқсанда ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы "Алматыда қатты жер сілкінісі болуы мүмкін бе, жоқ па" деген сауалға жауап берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:28, 6 желтоқсан 2025
Бүгін елімізде Прокуратура күні атап өтілуде
-
10:01, 6 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Финляндия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
09:24, 6 желтоқсан 2025
Ғарыштан түсірілген Меккенің таңғажайып суреті көптің таңданысы мен қуанышын тудырды
-
23:36, 5 желтоқсан 2025
ШҚО-да жолаушылар мінген автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты
-
23:30, 5 желтоқсан 2025
«Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алды





