«Түнде аяз болып, үсік жүреді». Еліміз бойынша 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

© Сурет: unsplash
Синоптиктер ертең, 2025 жылы 21 сәуірде Астана мен Қазақстанның 14 өңірінде найзағай ойнап, жауын-шашын болатынын, екпінді жел соғатынын айтады. Сондай-ақ кейбір өңірде түнде үсік жүретіні де ескертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ беті қатып, 1 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Алматы облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, тау етегіндегі аудандарда топырақ беті қатып, 1-3 градус аяз болады, үсік жүреді деп күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертен тұман болады, түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 1-3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда түнде топырақ беті қатып, 2 градус аяз болады, үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, Қостанайда да күндіз найзағай болады деп күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз найзағай ойнайды, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Атырау облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында найзағай ойнап, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Ақтауда күндіз шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Астанада күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің кей уақыттардағы екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Бұған дейін мамандардың 22 сәуірде кешке Жерде тағы да магниттік дауыл жүретінін ескерткенін хабарлағанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 18 мамыр 2025
Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқан жоқ - Антикор
-
17:46, 18 мамыр 2025
Іле Алатауында Фурманов шыңына шығып алған туристер эвакуацияланды
-
17:38, 18 мамыр 2025
Үлкен Алматы айналма жолында тоқтаған екі жүргізушіге 98 мың теңге айыппұл салынды
-
16:44, 18 мамыр 2025
Мысырда әуежайда болған қайғылы оқиға: зардап шеккен қазақстандықтардың саны артты
-
16:15, 18 мамыр 2025
Семейде қоқыс полигоны өртеніп жатыр