Атырауда жанармай бекетіндегі өрттің алдын алған азаматтар марапатталды
© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Атырау қаласында төтенше жағдай кезінде ерекше батылдық көрсеткен азаматтарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қауіпті сәтте жанармай құю бекетінің қызметкері Қайырбек Сисенов және патрульдік полиция батальонының жас қызметкері Данияр Жәрдемғали тез әрі үйлесімді әрекет етудің үлгісін көрсетті.
Өрттің алғашқы белгілері байқалған сәтте Қайырбек Сисенов еш ойланбастан, қауіп-қатерге қарамастан іске кірісіп, жалынды сөндіруге тырысты. Дәл сол уақытта қызметте жүрген полиция қызметкері Данияр Жәрдемғали жағдайды көріп, көмекке асықты. Екеуі де өрттің қауіпті екенін түсініп, арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып, жалынды сөндіру үшін бар күшін жұмсаған.
Сурет: polisia.kz
Бұл әрекеттерінің нәтижесінде үлкен апаттың алдын алуға мүмкіндік туды.
Қайырбек Сисенов пен Данияр Жәрдемғали Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаевтың алғыс хатымен марапатталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 11 қаңтар 2025
Алматылық блогер педофилия бойынша күдікке ілінді: балалар омбудсмені ата-аналарға үндеу жасады
-
17:09, 11 қаңтар 2025
Ақмола облысында немересі 77 жастағы әжесін соққыға жыққан
-
16:58, 11 қаңтар 2025
Атырауда мұғалім өз-өзіне қол жұмсамақ болды
-
16:17, 11 қаңтар 2025
12 қаңтарда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:24, 11 қаңтар 2025
ІІМ былтыр құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 1 949 күдіктіні ұстады