Трансплантация мәселесі: донор жетіспеушілігі өзекті болып тұр
© Фото: primeminister.kz
Елімізде трансплантация бойынша "күту парағында" тұрған науқастар көп болғанымен, мәйіттік ағза донорлығын жаңа деңгейге көтеру мүмкін болмай тұр.
Отандық дәрігерлердің тәжірибесі мол болғанымен, қайтыс болғандардың туыстары ағзаларын алуға қарсылық танытады. Қазір ауруханаларда тек туыстық донор бойынша оталар жасалуда. Десе де базбір азаматтар туыстарының ағзаларын науқастарға беруге келісімін беріп, өмірін ұзартқандар да бар, деп жазады qazaqstan.tv.
Бүгінде облыста 600-ден аса науқас бауырын алмастыруды күтіп жүр. Сондай-ақ 700-ден аса адамға бүйрегін алмастыру қажет. Барлығына донор тапшы. Басым көпшілігінің шетелде алмастыруға жағдайы көтермейді. Дәрігерлер негізінен туыстық трансплантация бойынша оталар жасалып жатқанын айтады.
Қазір бізде 36 бүйрек ауыстырылды. Жақында ғана 4-ші бауыр трансплантациясы өтті. Бауырын ауыстырғандардың жағдайлары тұрақты. Үшеуі үйінде. 4-ші науқас бізде қазір ауруханамызда жатыр. Нұрлан Мәуленов, облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері
Жаһандық статистикаға жүгінсек, дүниежүзі халықтарының 80 пайызы мәйіттік донорға, 20 пайызы туыстық донорға жүгінеді екен. Бізде дәрігерлер мәйіттік донордың көмегі туралы жиі айтқанымен, жұртшылық оны түсіне бермейді. Сондықтан оны құқықтық тұрғыда реттейтін тиісті заң қажет деп санайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:49, 7 мамыр 2026
Астанада өткен құрылтай съезінде «Әділет» партиясын құру туралы шешім қабылданды
-
11:25, 7 мамыр 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары - 7 мамыр
-
11:02, 7 мамыр 2026
Израильде екі адамға құпия ақпаратты пайдаланып бәс тігу жасады деген айып тағылды
-
10:48, 7 мамыр 2026
Ел қорғандарына құрмет: Астанада полицейлерге пәтер кілті табысталды
-
10:10, 7 мамыр 2026
Арканзаста ерлі-зайыптылар үйінің жертөлесінен бейтаныс адамды тапты





