Төтеншеліктер 8 наурызда жауын-шашын, боран, көктайғақ болатын өңірлерді атады
© Сурет: pexels
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып, 8 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес:
- Жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Астана қаласы.
- Тұман: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары.
- Көктайғақ: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
- Желдің күшеюі: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
Бұған дейін синоптиктер бүгін, 8 наурызда Алматыда және Атырауда ауа сапасы нашарлайтыны болжанатынын хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:44, 2 мамыр 2026
Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:15, 2 мамыр 2026
Түнде сыра сатқан: Алматыда кәсіпкер жауапқа тартылды
-
16:52, 2 мамыр 2026
Синоптиктер 3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды
-
16:19, 2 мамыр 2026
Германия жағалауында тұралап қалған кит Атлант мұхитына жіберілді
-
15:54, 2 мамыр 2026
Түркістан облысында көпірді су алып кеткеннен кейін полицейлер 78 адамды эвакуациялады





